воскресенье, 24 мая 2009 г.

Салем Алем!

Салем ДОстар блогыма карайтын уакыт таба алмай журмин.

воскресенье, 11 января 2009 г.

«Қазақстан» қазақ көрермендерiн неге сыйламайды?

«Мен Мақпал Жүнiсова деген қазақ едiм. Өздерiңiз менiң концертiмдi аттай қалап сұратып алып едiңiздер. Ендi оны неге үзiп тастадыңыздар? Сiзге президент әкiмшiлiгiнен тапсырма берген кiм? Мен соны бiлгiм келедi», — дедiм. ("Жас алаш", қаңтар,2009)




Фото Мақпалдың Ақтөбедегі концертінен

суббота, 10 января 2009 г.

Ақтөбеге Айтоша ("Жетімдер", "Жаралы сезім") келе жатыр



Қаламызға (Ақтөбе, еліміздің батысында) Айтоша келе жатыр. "Жетімдер" (Аружан), "Жаралы сезім" (Айтоша) фильмдері арқылы танымал болған кішкентай актриса Меруерт Қасымбек, бұйырса, концерттік бағдарламаны жүргізбек. Ол туралы әзірге жария салу ерте. Дегенмен, жасырын жарнама ретінде құлаққағыс қылып қойып жатқаным ғой. Асқар

Ақтөбелік журналистердің назарына!!!



Қайырлы таң (негізі мұны түнде жазып отырмын, қазір сағат 03-51, сенбіден жексенбіге қараған түн) достар!
Бүгін (Сенбі, Қаңтар, 10) "MediaNet" халықаралық журналистика орталығынан "Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен" және "Практическая журналистика" кітаптары келді. (Алматылық әріптестердің қолына әлдеқашан тиген де шығар) Егер қажет десеңіздер маған (askaraktobe@gmail.com) хабарласыңыздар. Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын бірсыпыра журналистерге таратқан едік. Бұл соның жалғасы іспетті. Осы жолы қазақша нұсқасы да жарық көрді. Асқар

Ақхалаттылар есірткі барондарымен кездесуге әрекеттенді

Материал әзірлену үстінде. Қысқаша айтқанда, СПИД, есірткімен күресу мақсатында дәрігерлер есірткі барондарымен кездесуге әрекеттеніпті. Ал бұл бастамадан не шықты, нәтижесі қайсы, алдағы күндері жариялаймын. Асқар

Компьютерлік вирустармен соғыстың ақтөбелік амалы





Ақтөбедегі фотосалондардың бірі компьютерлік вирустардың данасын елу теңгеден өлтіре бастады. Онысы аздай, беттері шімірікпестен, вирус өлтіргені үшін тауар чегін ұсынуға да әзір.

Сенбесеңіз құжатқа (суретте) көз жүгіртіңіз: фотоқызметтер (флеш-кардтан фото шығарып беру) үшін 14 суретке 30 теңгеден 420 теңге, және 1 ВИРУС (өлтіргені үшін деп оқыңыз) үшін 50 теңге.
Әрине, мұндайға алғаш рет тап болғандықтан, принципке барған басым, чек беруін талап еткен едім. Берді. Жеке адам ретінде сұрағаным. Ал расында заңды тұлғаларда есеп-қисап жүргізгенде «вирус өлтіргені үшін» деген бап пайда болғаны ма екен?
Фотосалон қызметкерінен, мұндай «қызметтің» таяуда пайда болғанын білдік.
«Күніне қанша вирус өлтіресіз» деген сауалымызға, «аз, небары бір-екі вирус өлтіреміз» деп жауап қатты. «Бұл түріңізбен клиенттеріңіздің барлығы қашып кетеді ғой» десек, «есесіне вирустар көбейіп жатыр» дейді.
Ұялған тек тұрмастың керін келтірген салон қызметкері «керісінше, клиенттердің күн санап артып бара жатқанын» алға тартты.
Қош, солай болсын делік. Жалпы, мұндай қызмет түрінің енді қыза түсетін cыңайы бар делік.
«Бүйтіп ақша табуға әлемдік қаржы дағдарысы ықпал еткен бе» дедік бізде. «Мүмкін» деді әлгі қызметкер.
Бәлкім ақша табудың небір түрін ойластыратын оңтүстік облыстардың «новаторлары» үшін бұл таңсық та болмауы мүмкін. Ал Ақтөбеде расында бұл жаңашылдық. Өзгелерден асып түспесе, кем түспей тұр! Мұндай жүйені енгізгені аздай, чегіңізге де көрсетіп беруден тайынбайды.

P.S. Фотосалон егесі «Гебель» жеке кәсіпкерлігі салық комитетінде тіркеуден өтерте айналысатын қызмет түрін «фото шығару, фотожабдықтар сату» деп көрсетсе де, бұл тізімде «вирус өлтіру» қызметінің де бар екені күмәнді. Мүмкін, қаржы дағдарысының ең болмағанда компьютерлік вирустарды осындай жолмен болса да өлтіруінде пайдасы болып тұрғаны шығар...

Асқар АҚТІЛЕУ

"Мен сыйға тартқан альбом"



Әнші, сазгер Роза ӘЛҚОЖАНЫҢ "Мен сыйға тартқан орамал" атты альбомы жарық көрді. Альбомға 14 ән еніпті. Әнші болашақты Қытайға барып қалуы мүмкін. Аспан асты еліндегі оның өнерін жоғары бағалаушылар Розаға клип түсіруге көмектеспек.

P.S. Білсеңіздер ғой, Қытай қазақтарының клипті қандай керемет түсіретінін?!?!

Айтпақы: Ақтөбеде өтетін Төлеген Айбергеновтың әдеби кешіне Роза Әлқожа келемін деген.

Суретте: Роза сыйға тартқан диск