суббота, 10 января 2009 г.

Жас тілші Кавказ-Ресей қақтығысының "құрбанына" айналды

Жазылған уақыты Қазан 12, 2008
Ақтөбелік жас тілшінің аяқасты біздің елдің тұрғындары үшін кіруге тыйым салынған «Кавказ орталығының» (www.kavkazcenter.com) «тілшісі» болып шыға келмесі бар ма?! Осылайша, 22 жастағы Абат Нағыметов Кавказ бен Ресей арасындағы ақпараттық соғыстың құрбанына айналып отыр.

Аталған ақпарат ресурсының Қазақстанмен бірге Ресей интернет пайдаланушылары үшін ашылмайтынын ескерсек, оны арнайы құрылымдардың жауып тастағаны аңғарылып-ақ тұр. Алайда, бәзбіреулердің көздеген мақсатқа жету жолында беймарал күй кешіп жатқан ақтөбелікті құрбан қылуының астарында не жатыр деген ой келеді.

Әріптесіміз Абат Нағыметовтың журналистикадан қол үзгеніне бірнеше ай болды. Өзінің есімін өзгелердің пайдаланғандығын білгенде бұған бірден сене алмаған.

- Менің атымнан «Медведевке қарағың келсе – маңдайыңа ФСБ-ның оғы тиеді» деген тақырыпта жарық көрген мақалаға қарап, өзімнен күмәндана бастадым ғой. Аталған интернет-парақшаға кіруге Ресей мен Қазақстанда тыйым салынғандықтан, прокси-сервер арқылы ғана кіруге болады. Менің интернет-күнделігімде жария етілген шағын жазбамды www.kavkazcenter.com ақпарат ресурсының қызметкерлері еш шімірікпестен өңін айналдырып, мазмұнын бұрмалап жариялап қойыпты. Мені олар өздерінің «Ақтөбедегі тілшісі» деп таныстырғанын айтсаңызшы бәрінен бұрын! Мақалада Ресей басшысын «Мендель» депті, ол аздай, менің атымнан Ресей президентін «Ресей бандасының басшысы» дегенін айтсаңызшы?!

Абаттың пайымынша, Ресейге қарсы қиқар мінез танытып отырған Кавказ халқы осылайға ақпараттық соғыс жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, Ақтөбеде Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведевтің қатысуымен 22 қыркүйекте 5-ші шекаралас аймақтардың саммиті өткен еді. Сол күні аталған ақпарат сайты келесі материалды орналастырады:

«КАЗАХСТАН. Хочешь посмотреть на Медведева — получи в лоб пулю от ФСБ
Время публикации: 22 сентября 2008 г., 14:14

Бандлидер России Дмитрий Медведев прибыл 22 сентября в казахстанский город Актобе (по-советски, Актюбинск). Кремлевский главарь очень стесняется своего маленького роста и поэтому очень не хочет, чтобы его видели рядовые граждане Казахстана. Из Актобы передает Абат Нагиметов:

«В Актобе проходит политический форум. Событие для провинциального городка и вправду большое, если учесть, что в городе одновременно находятся шесть президентов, в том числе и Мендель (Медведев).

Мне посчастливилось жить рядом с «многозвездочным» отелем «Альбион», где имеют обыкновение останавливаться vip-гости нашего города. Из моего балкона на пятом этаже открывается чудеснейший вид на дворик гостиницы и проезжую часть, откуда и въезжают в отель звездные «Bentley» и «Lexus’ы». В общем, в такие дни я имею привычку выходить на балкон с фотоаппаратом, с мыслью сделать пару ценных кадров для будущих потомков, чтобы завтра вспомнить вместе с ними всякую ныне ценную шелупонь.

К первому в истории нашего города приезду российского лидера готовились основательно.

….

Вчера около 8 вечера ко мне домой пришли дядьки, которые не представились, и убедительно попросили, чтобы сегодня мы не выходили на балкон и не приближались к окнам ближе, чем на метр. В «Альбионе» будет обедать Мендель. В доме напротив будет сидеть снайпер, который будет следить за порядком и в случае несоблюдения вышеперечисленных советов имеет право стрелять на поражение».

- Мен бұл жайтты жай қалдырғым келмей, neweurasia.net сайтының Орталық Азия бөлімінің редакторына хат жолдадым. Сөйтіп онда менің блогымдағы (интернет-күнделіктегі – ред.) мақаланың түпнұсқасы жария етілді. Сондай-ақ көмек сұрап Ұлттық баспасөз орталығы мен Аймақтық журналистиканы қолдау қорына хабарластым.

Айта кетейік, Абат Нағыметов – Ақтөбедегі талантты, көзге көрініп келе жатқан жас тілшілердің бірі. Алайда, негізгі мамандығы бойынша (қаржы саласында – ред.) қызметке орналаспақ болған ол журналистикадан қол үзіп, бос уақытында тек интернеттегі күнделігін толтырумен ғана шектеліп жүрген-ді. Проза мен поэзияға бір табан жақын жас таланттың ғаламтордағы күнделігіне күніне жүздеген оқырманның кіретінін ескерсек, «Кавказ орталығы» сайты қызметкерлерінің де Абаттың кезекті жазбасына іліккені түсінікті.

- Менің күнделігімдегі жазбалар қарапайым тілмен жазылған. Тіпті Медведевке қатысты жаман айтылмаған да! Пәтерім президенттер ауқаттанатын мейрамхананың маңында орналасқандықтан саммитке алдын ала дайын кезіндегі жайттарды баяндағаным рас, - дейді Абат Нағыметов. - Алайда, көршілес мемлекеттің журналистерінің пысықтығы сол, өңін айналдырып, ол аздай, мазмұның бұрмалап, н бар жасағаны қай мазақ қылғаны?!

Асқар Ақтілеу

Комментариев нет:

Отправить комментарий